Интернет-алаяқтықтан қорғану жолдары талқыланды

Интернет-алаяқтықтан қорғану жолдары талқыланды
04:52, 08 Апр.

2026 жылғы 7 сәуірде Абай университетінде Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қызметкерлері, ҚР ҚМА ресми өкілі Ернар Тайжан және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің өкілдерінің қатысуымен «Сандық тұзақтар: интернетте өзіңізді қалай қорғауға болады?» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Ернар Тайжан, Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің әкімшілік басқарма басшысы Серікжан Көбейұлы Бурибаев, Ұйымдастыру-бақылау басқармасының аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Меруерт Еркінқызы, сондай-ақ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Құрманғазы Мадиев және Тарих және құқық факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары қатысты.

Іс-шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Құрманғазы Мадиев профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларды алаяқтық әрекеттерден сақ болуға және қаржылық қауіпсіздік ережелерін ұстануға шақырды.

ҚР ҚМА ресми өкілі Ернар Тайжан білім алушыларға интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері, цифрлық сауаттылықты арттыру және онлайн қауіпсіздік шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Сонымен қатар Серікжан Бурибаев пен Меруерт Еркінқызы сөз сөйлеп, интернеттегі алаяқтықтың жаңа түрлеріне тоқталып, олардың қоғам үшін қауіптілігі туралы жан-жақты ақпарат берді.

Атап айтқанда, қатысушыларға дипфейк (deepfake) технологияларының қаупі түсіндірілді.

Қаскүнемдер әлеуметтік желілерде жалған аккаунттар құрып, өздерін танымал тұлғалар немесе сенімді адамдар ретінде көрсетеді.

Көп жағдайда мұндай аккаунттарды боттар немесе алаяқтар басқарады.

Олардың негізгі мақсаты – азаматтардың қаражатын заңсыз иемдену. Сондай-ақ вишинг (vishing – жасанды интеллект көмегімен дауысты айнытпай салу) тәсілі туралы айтылды.

Бұл әдіс арқылы алаяқтар адамның дауысын бірнеше секундтық жазбадан-ақ көшіріп ала алады. Содан кейін олар туыстары немесе таныстарының атынан хабарласып, «шұғыл көмек қажет» деген желеумен ақша сұрауы мүмкін.

Кездесу барысында мұндай дипфейктерді (deepfake) анықтаудың негізгі белгілері де түсіндірілді. Фишингтік шабуылдар туралы да ақпарат берілді.

Алаяқтар жалған сайттар мен хабарламалар арқылы азаматтардың жеке деректерін иемденуге тырысады. Сонымен қатар жасанды интеллект көмегімен банктердің, маркетплейстердің және басқа да ұйымдардың сайттарының дәл көшірмелері жасалатыны атап өтілді.

Іс-шара соңында қатысушыларға қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында бірқатар практикалық кеңестер ұсынылды. Атап айтқанда, туыстар мен жақындар арасында арнайы құпия сөз белгілеу, күмән тудырған жағдайда жақын адамыңызға өзіңіз қайта хабарласу, әлеуметтік желілердегі аккаунттарды қауіпсіздік баптаулары арқылы қорғау, бейтаныс адамдарға дауыс хабарламаларын жібермеу және кез келген ақпаратқа сыни көзқараспен қарау қажеттігі айтылды.

Мұндай кездесулер білім алушылардың цифрлық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Сообщение Интернет-алаяқтықтан қорғану жолдары талқыланды появились сначала на NewsMedia.

Рубрика: Hi-Tech и Наука. Читать весь текст на newsmedia.kz.

 

Қазақстандық жастар білім беру технологиялары арқылы қандай мәселелерді шешіп жатыр Балабақша мен мектепке кезекке тұру, оқу үлгерімін талдау, есеп жүргізу сияқты процестер қазіргі таңда түгелдей онлайн форматта жүзеге асады. Білім б...

Астанада Халықаралық Аралды құтқару қорының Басқарма отырысы өтті Астанада Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың төрағалығымен Халықаралық Аралды құтқару қорының (ХАҚҚ) Басқарма отырысы өтті, деп жазады i...

Էմիտենտների տեղեկատվության կանոնավոր բացահայտումը Հայաստանի կապիտալի շուկայի զարգացման առանցքային պայմաններից է․ Էկոնոմիկայի նախարարություն ԵՐԵՎԱՆ, 30 մարտի․/ԱՌԿԱ/․ Հայաստանում կապիտալի շուկայի զարգացումն ավելի ու ավելի է բախվում ոչ միայն թողարկումների թվի աճին և գործիքների ընդլայնմանը, ա...

FINTECH360 միջազգային համաժողովին կմասնակցեն ավելի քան 500 փորձագետներ ԵՐԵՎԱՆ, 30 մարտի․/ԱՌԿԱ/․ Ապրիլի 27-ից 29-ը Երևանում կայանալիք FINTECH360 միջազգային համաժողովին կմասնակցեն ավելի քան 500 մասնագետներ 30 երկրներից, հա...

Mehdi İnfantinoya müraciət etdi: "İran futbolunun məzlum səsini eşidin" İran Futbol Federasiyasının prezidenti Mehdi Tac FIFA prezidenti Canni İnfantinoya məktub yazıb. Fanat.Az xəbər verir ki, futbol funksioneri Yaxın Şə...

Атырау облысындағы отбасының өлімі: күдікті өмір бойына сотталуы мүмкін Атырау облысы Жангелдин ауылында Қарабалиндер отбасының өліміне қатысты күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке жаңа айып тағылды. Енді оған екі немесе одан да ...

Специально раскачал лодку: мужчина убил жену в Павлодарской области из-за бизнеса В Павлодарской области мужчина убил свою жену и попытался выдать это за несчастный случай. Суд установил, что он специально раскачал лодку, а затем у...

Trump: A "new regime" has already emerged in Iran US President Donald Trump expressed his views on the political situation in Iran in one of his recent interviews. He noted that during the beginning ...